Семестр бастардың алдында студенттерге курсты қайдан табуға болатынын, жүйеге қалай кіретіндерін және курсты бастау үшін не істеу керектігін айту керексіз. Сіз олармен курстан не күтілетінін талқылауыңыз қажет. Егер сіз оларға тек курс сілтемесін жіберсеңіз, студенттеріңіз не істеу керектігін автоматты түрде біледі деп күтпеңіз. ББТО DALES-те хабарлама жібереді, бірақ бұл хабарлама студенттердің не істеу керектігін түсінулері үшін жеткіліксіз. Біз сізге міндетті түрде ZOOM/BBB/Google Meet-те «Курсқа қош келдіңіз» жиналысын жоспарлауды ұсынамыз, онда сіз студенттермен кездесіп, курстан не күтілетінін және курста бағдарлану жолын көрсетуге болады. Сондай-ақ, сессияны жазу веб-конференцияға қатыса алмаған студенттер үшін пайдалы болады.
Қорытындылай келе, сұрақтарға жауап беруге дайын болыңыз, оларға курсты бастауға көмектесіңіз және барлығы не істеу керектігін түсінгеніне көз жеткізіңіз. Егер оларда жүйеге кіру туралы сұрақтары болса, анықтамалық веб-сайтқа жібере аласыз: https://edu.ektu.kz/
Келесі бетте білім алушыларда болуы мүмкін жиі қойылатын сұрақтардың тізімі және оларға қалай көмектесуге болатыны көрсетілген.
ББТО DALES-те студенттердің жеке кабинеттерінде курстың басталуы туралы хабарландыру орналастырады және олардың университеттік Google есептік жазбасына, сондай-ақ Open edX платформасына кіру нұсқаулары бар қажетті сілтемелерді тіркейді.
Осындай хабарландыруды студенттер жеке кабинеттерінде көреді:
“Қазақстанның қазіргі заман тарихы” курсын Open edX платформасында өтесіздер.
Курсты оқу үшін Open Open edX сайтына өтіңіз, аккаунтқа кіргеннен кейін курсты негізгі бетте табасыз.
-
Open edX жүйесіне кірмес бұрын @edu.ektu.kz домендегі корпоративтік Google есептік жазбаңызға кіруіңіз керек, қалай кіруге болатындығын https://edu.ektu.kz/logging-in нұсқаулығынан қарасаңыз болады.
Егер сізде Google есептік жазбасына немесе Open edX платформасына кіруде қиындықтар туындаса, мәселенің скриншотын жасап, https://edu.ektu.kz/tickets/ өтінім қалдырыңыз.
Курсты оқуда жетістіктер тілейміз!
Хабарландыруға қарамастан, сіз студенттерге олардың курсы Open edX-те екенін айтуыңыз қажет, себебі барлық студенттер жеке кабинеттерге кіріп, хабарландыруларды оқи бермейді. Студенттерге платформаға кіру туралы қажетті нұсқауларды беріңіз (жоғарыда көрсетілген сілтемелер), сонымен қатар курс, мерзімдер, тапсырмалар және студенттерге қажет барлық нәрселер туралы ақпарат беріңіз.
Powered by Grav + with by Trilby Media.
© Copyright 2021, EKTU EdTech | CC BY 4.0 | Licensed under the Creative Commons Attribution 4.0 International license