ЖАОК пайдалану модельдері

Оқу процесіне интеграциялау үшін ЖАОК таңдағанда, оқытушы сонымен қатар кредиттері соған қарап есептелінетін ЖАОК пайдалану моделін таңдайды.

ҒЖБМ ұсынған ЖАОК қолданудың 4 моделі бар:

Модель 1.

Тек ЖАOК: пәнді толығымен ауыстыру. Бұл жағдайда болуы мүмкін: міндетті ЖАОК курстары – білім беру бағдарламасының оқу жоспарының пәндеріне сәйкес Комиссия таңдаған курстар; білім алушының таңдауы бойынша ЖАОК курстары – ЖЖОКБҰ ұсынған каталогынан білім алушылардың өз бетінше таңдаған курстары, оған бір немесе бірнеше ЖАОК платформаларының курстары кіреді

Модель 2.

ЖАОК-қолдау: ЖАОК пән үшін қосымша материал ретінде дәстүрлі түрде оны білім алушының өзіндік жұмысы ретінде (бұдан әрі – БӨЖ), «төңкерілген сынып» технологиясын қолданумен немесе қолданбай іске асыру кезінде пайдаланылады.

Модель 3.

Аралас оқыту «+ ЖАОК»: аудиториялық сабақтарды (негізінен дәрістерді) ішінара ауыстыру, сондай-ақ «төңкерілген сынып» технологиясын қолданумен немесе қолданбай ЖАОК жекелеген тақырыптарын ішінара қайта есептеу.

Модель 4.

Аралас оқыту «ЖАОК+»: дәрістерді, практикалық және семинарлық сабақтарды ішінара сақтай отырып ЖАОК пайдалану, сондай-ақ пән бойынша ағымдағы аттестаттау және қорытынды бақылау үшін ЖАОК оқу нәтижелерін пайдалану.