Студенттердің оқу көрсеткіштерін (прогресс) бақылау

Егер сіз өз студенттеріңіздің Open edX курсын өту барысын (үлгерімін) қайдан қарау керектігін білмесеңіз, онда осы нұсқаулықты оқыңыз. Студенттің үлгерімін көрудің екі әдісі бар:

  1. Жеке студенттің үлгерімін қарау
  2. Барлық студенттердің бағалары бар бағалау парағын жүктеу

Мұны қалай жасау керектігі туралы бейнені көре аласыз немесе төмендегі нұсқауларды оқи аласыз

Жеке студенттің үлгерімі

  1. Курсқа өтіп Прогресс қойындысын басыңыз. Посмотреть курс как жолында Определенный слушатель таңдаңыз.

  2. Имя пользователя или адрес электронной почты жолында @edu.ektu.kz доменінде студенттің электрондық поштасын енгізіңіз және Enter басыңыз.

  3. Бұл парақшада сіз студенттің алға жылжуын (прогресс) кестеде, сонымен қатар әр тақырып бойынша егжей-тегжейлі көре аласыз

    Барлық студенттердің тізімі бар бағалау парағын жасау

  4. Өз курсыңызды ашып Преподаватель қойындысына өтіңіз, осы жерде Скачивание данных таңдаңыз

  5. Төменірек түсіп Создать оценочный лист батырмасын басыңыз, бағалары бар құжат жасалғанша күтіңіз. Бұл бірнеше минутты алуы мүмкін. Файл төменірек пайда болады. Ол пайда болғаннан кейін жүктеу үшін оны нұқыңыз.

  6. Файл сақталған папкаға өтіп, оны Google Дискке ауыстырыңыз. (Бұл әрекетті жасамасаңыз, файл деректерді көрсетпейді). Файл Google Дискке қосылғаннан кейін оны ашыңыз.

  7. Осы жерде сізге таңдау керек: 1. Открыть в 2. Google Кестелер

  8. Енді сіз барлық студенттеріңіздің үлгерімін көре аласыз!