«Преподаватель» құралдар тақтасында студенттеріңізбен жұмыс жасау үшін қолдануға болатын құралдар бар. Сіз «Панель управления преподавателя»-ны ашып, «Преподаватель» қойындысын басу арқылы көре аласыз
Ол келесі қойындыларды қамтиды:
Студия, сонымен қатар CMS (контентті басқару жүйесі) деп аталады, — бұл сіз өзіңіздің курсыңызды әзірлейтін немесе өзгертетін орын. Студияда бетті ашу үшін оқытушының құралдар тақтасындағы «ПРОСМОТРЕТЬ КУРС В СТУДИИ» сілтемесін нұқыңыз.
«Курс туралы ақпарат» қойындысында қабылдау туралы ақпаратқа шолу және маңызды күндер көрсетіледі.
«Участники» қойындысында сіз студенттеріңізді тіркейсіз, бета-тестерлер мен бірлескен авторларды қосасыз.
«Группы» - бұл студенттерді жіктеуге немесе бөлуге болатын топтар. Негізгі артықшылығы-студияда курс деректеріне қол жеткімділікті басқару үшін топтарды пайдалану болып табылады. Өкінішке орай, Open edX-де топтарды қолдануға арналған құралдар көп емес.
«Продление сроков» қойындысында сіз өзіңіздің студенттеріңізге мерзімі (дедлайн) аяқталғаннан кейін әрекеттерді орындауға рұқсат бересіз. Сондай-ақ, ұзарту мерзімдері бар барлық студенттерді қарауға болады.
«Оценки» қойындысы студенттердің үлгерімі мен бағаларын көруге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, сіз оларға тапсырмаларды орындауына қосымша әрекеттер жасай аласыз.
Деректерді жүктеу студенттер туралы ақпаратты жүктеуге және оны CSV файлына сақтауға мүмкіндік береді. Егер сіз жүктелген деректерді басқару үшін Excel-ді қолданғыңыз келсе, бұл функция пайдалы.
«Контрольные испытания» емтихан туралы мәліметтерді (студент емтиханды қашан бастағанын және аяқтағанын) көруге және студенттің емтиханын қайта тапсыруға тырысу әрекетін жоюға мүмкіндік береді.
Powered by Grav + with by Trilby Media.
© Copyright 2021, EKTU EdTech | CC BY 4.0 | Licensed under the Creative Commons Attribution 4.0 International license