Жоба туралы

Қазақстан заманауи талаптардан және білім берудегі заманауи трендтерден артта қалмауда. Онлайн білім беру және бейресми оқыту сияқты ұғымдар Қазақстан университеттерінің білім беру процесіне енгізілген. 2023 жылы ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі «Coursera" – қазақ тілінде» бағдарламасын іске қосты.

Осы бағдарламаның мақсаты Қазақстандық студенттерді қазақ және орыс тілдеріне аударылған әлемнің озық университеттерінің онлайн курстарында оқыту болып табылады. 2023 жылы ШҚТУ ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігінің студенттерді Coursera-да оқыту үшін құрған 25 университеттер тізіміне енді. Бұл лицензиялар ШҚТУ студенттеріне Coursera платформасында әлемнің озық университеттерінің курстарында тегін оқуға және белгілі бір оқу кезеңінде курстардан өтіп, сертификаттар алуға мүмкіндік береді .

Осы жоба аясында 150 курс, соның ішінде 100 курс қазақ және 50 курс орыс тілдеріне аударылды. Студенттерге аударылған 150 курстан басқа, әлемнің өзге тілдерінде 10 мыңнан астам курстар қолжетімді, олардың ішінде қажет болған жағдайда қазақ және орыс тілдерінде субтитрлермен оқуға болады. Coursera-да оқу студенттерге курстың оқу бағдарламасы пән бағдарламаға сәйкес келсе, белгілі бір пән бойынша кредиттерді немесе олардың бір бөлігін есептеуге мүмкіндік береді. Өңірлік жоғары оқу орындарының ҚР Ғылым және жоғары білім Министрімен және Coursera Бас директорымен кездесуінен алынған суреттер

Лицензиялар қашан беріледі?

2024 күнтізбелік жылға арналған ШҚТУ лицензияларының саны 350 бірлікті құрайды. Жаңа семестрдің басында жаңа студенттер таңдалады, оларға міндетті және қосымша курстарды оқып, аяқтау үшін шамамен 3 ай мерзім беріледі. Содан кейін мерзім аяқталғаннан кейін лицензиялар студенттердің жаңа ағымына беріледі. Күнтізбелік жыл ішінде студенттердің үш ағыны осы лицензиялар бойынша оқытылады: көктемде, жазда және күзде. Осылайша, күнтізбелік жылдың соңына дейін әр лицензияда кемінде үш студент оқытылуы керек.

Ескерту: Бір студентке білім беру лицензиясы тек бір рет беріледі.

«Coursera" – қазақ тіліне» жобасы студенттерімізге осындай озық онлайн курстарда оқуға, сертификаттарды тегін алуға, оқытудың жаңа әдістемесін қарауға және жаңа құзыреттерді алуға тамаша мүмкіндік берді. Бұл жоба ШҚТУ-ға өз студенттерінің білім сапасын жақсарту мүмкіндіктерін кеңейтуге және білім беру үдерісіне жаңартулар енгізуге мүмкіндік береді.